Петропавлда 18 жастағы жігіт «Сулпак» сауда үйін тонамақшы болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жеке күзет құрамасының қызметкерлері «Сулпак» сауда үйінде жасалмақшы болған ұрлықтың алдын алды, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлда 18 жастағы жігіт «Сулпак» сауда үйін тонамақшы болған

«Таңғы сағат 4-те «Жедел күзет» ЖШС-да күзет дабылы іске қосылды. «Сулпак» сауда үйінің терезесі сынған. Күзетшілер төрт минутта сол жерде болған. Ол жерден сөмкесінде бұрауыш, пышақ салынған жас жігіт ұсталды», деді баспасөз қызметінен.
null

Ол 18 жастағы қалалық азамат болып шықты. Ол бұрауыш пен пышақты неге ұстап жүргенін түсіндіріп бере алмады.

Петропавл қаласы ІІБ полициясы бірінші бөлімінің бастығы Асылбек Тоқтамысовтың айтуынша,  факт «Ұрлық» бабы бойынша бірыңғай соталды тергеу тізіліміне енгізілді. Қылмыстық іс аясында заң бұзушылықтың мән-жайы анықталады. Санкция 3 мың АЕК айыппұлды немесе сол көлемде түзеу жұмыстарын не 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеуді көздейді.
null

Күн сайын қаланы жеке күзет ұйымдары жедел ден қою тобының 7 экипажы торуылдайды.

Полициямен өзара әрекеттестік аясында жыл басынан бастап 345 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілген. 350 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, күзетілетін нысандарда 16 ұрлықтың алды алынды.  Жыл басынан бастап күзет құрамасының көмегімен 17 қылмыстың беті ашылды.
null