Петропавлда 2 грамнан астам героинмен Әзірбайжан азаматы ұсталды

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Петропавл стансасында «Владивосток-Харьков» бағытындағы №53 жолаушы пойызында героин тасымалдаған Әзірбайжан Республикасының азаматы ұсталды,

Петропавлда 2 грамнан астам героинмен  Әзірбайжан азаматы ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі Орталық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке тексеріс барысында күдіктіден 2 грамнан астам есірткі өнімдері табылды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу ісі жүруде.

Сронымен қатар, «Қостанай-Қарағанды» бағытындағы №328 жолаушы пойызының вагонында Қостанай облысының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан жеке тексеріс кезінде 100 грамнан астам есірткі өнімі табылды.