Петропавлда 3 мың орындық көрермен залы бар спорт кешені салынбақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін бірнеше спорт нысаны пайдалануға берілмек. Бүгінде 3 мың орынға шақталған көрермен залы бар спорт сарайының жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу аяқталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда 3 мың орындық көрермен залы бар спорт кешені салынбақ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде спорт инфрақұрылымын жақсарту және спорт алаңдарын көбейті мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка кентінде спорт кешені пайдалануға берілсе, алты ауданда құрылысы жүріп жатыр. Бұдан басқа М.Жұмабаев ауданында жабық хоккей корты ашылды, тағы үш ауданда соындай нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың басым бөлігі биыл қолдануға берілмек. Жаңа спорт залдары заманауи қондырғылармен жарақтандырған, онда түрлі жастағы топтарға үйірмелер ашылады.

Петропавлда да фитнес орталығы бар спорт-сауықтыру кешені салынып жатыр. Нысан 20 ықшам ауданда орналасқан. Ол 130 адамға шақталған.

Ал облыс орталығының Чкалов көшесінде жүзеге асатын жоба - өңірдегі ең ірі спорт сарайы атанбақ. Қазіргі уақытта оның жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу аяқталып келеді. Ғимараттың жалпы ауданы 32,4 мың шаршы метр. Мұндағы ең ірі спорт залына 3 мың көрермен сыяды. Сондай-ақ, ауыр атлетш, семсерлесу, бал биі, бокс, спорт гимнастикасы, ойын, классикалық күрес залдары, таэквондо, самбо мен дзюдоға арналған жеке залдар, үстел теннисі, батут, екі тренажер және екі фитнес залы жұмыс істемек.