Петропавлда 67 жастағы кейуана бесінші қабаттан құлап көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 5-қабаттан құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Петропавлда 67 жастағы кейуана бесінші қабаттан құлап көз жұмды

18 сәуір Петропавл қаласы полиция бөлімінің кезекшісіне Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен адам құлағаны туралы хабар түскен.

5-қабаттан құлап кеткен 67 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазір істің мән-жайын жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.