Петропавлда 8 мың саяжай су астында қалуы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Өңірде өткен брифингте СҚО ТЖД бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі  басқармасының бастығы  Рүстем Жұмағұлов су тасқыны жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлда 8 мың саяжай су астында қалуы мүмкін

Ол Ғ. Мүсірепов ауданындағы жағдай тұрақталғаны туралы хабарлады, тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр. Зардап шеккен үйлерді тексеретін комиссия құрылуда.

«Жембарақ пен Шарық өзендері Есілге құяды. Қазгидромет су басқан күні Айыртау, Ғ. Мүсірепов аудандары аумағында жаңбыр бір айлық нормада жауған деректі  растады. Салдарынан қар күрт еріп, үйлерді су басты», - деді ол.

Сергеев ауданында су қоймасында судың төмендегені байқалады. Кеше 3 метр 37 см көтерілгені тіркелген. Бүгін 3 метр 22 см төмендеді. Сергеевка ауданы аумағында Есіл өзенінің су деңгейі түсті. Есіл, Қызылжар аудандарында, Петропавл қаласында судың көтерілгені тіркелді.

«Қазір су Есіл ауданы арқылы жүреді, екі күннен кейін облыс орталығына жетеді. Әзірге үйлерді су басқан жоқ.  Су жайылған жағдайда 8 мың саяжайды су басуы ықтимал. Ертеңнен бастап бақылау бекеті қойылады. Эвакуация, жедел жәрдем, полиция қосындары кезекшілік етеді», - деді Жұмағалиев.