Петропавлда алғаш рет балалар ансамблінің шеруі өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың бірнеше аудандарында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  Петропавлда алғаш рет балалар ансамблінің шеруі өтті

Мереке «Шабыт шеруі» балалар және жастар музыкалық ансамблінің парадымен ашылды. Шара Петропавлда алғаш рет өткізілді. Оған 1600 адам қатысты. Мектеп оқушылары, студенттер мен педагогтар, спорт және музыкалық ұжымдар, балалар мен жастар музыкалық ансамблдері, оркестрлері  Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрынан бастап Тәуелсіздік стелласына  дейін жүріп өтті.

Жеңіс саябағында «Балалар үшін бірігеміз»  атты ерекше білім сұранысына ие балаларға арналған мереке өтті, олар үшін коррекциялық-дамытатын ойындар, спорттық-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.

Балалар асфальтта мольбертте сурет салу байқауына, робот техникасы, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, туристік көпсайыстарға қатысты. Жас каратэшілердің қызықты көрсетілімдерін тамашалады.   Аниматорлар, қуыршақтар балалар көңілін көтерді.

Арбатта «Ата-баба мұрасы - ұрпақтар игілігі» декоративтік-қолданбалы шығармашылық көрмесі, «Ұлттық стильде аксессуралар және безендіру», «Қағаздан жасалған таңғажайып» шеберлік сыныптары өтті.