Петропавлда әрі мас күйде, әрі жалған құжатпен көлік жүргізген ер адам ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер мас күйде көлік басқарған ер адамды ұстады, тексеру барысында оның құжаты жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Шухов көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатқан. Көлікті тізгіндеген 33 жастағы қала тұрғыны мас болып шықты. Деректер базасынан жүргізуші куәлігін тексеру кезінде құжаттың бөгде адамның атына жазылғаны белгілі болды.