07:25, 10 Қаңтар 2025 | GMT +5
Петропавлда азық-түлік дүкенінен өрт шығып, 68 адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Петропавлдағы Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шықты.
ҚР Төтеше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың эвакуацияланды.
Зардап шеккендер турпалы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ құтқарушылары 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланғандарды жылыту үшін вахтовка жұмылдырылған.
Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеуде.
Құтқарушылар өртпен арпалысып жатыр.
Осыған дейін Риддерде өртенген үйден адамды құтқарып қалған 22 жастағы жігіт марапатталғанын жаздық.