Петропавлда белгісіз біреулер ер адамға оқ атты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда белгісіз біреулер 35 жастағы ер адамға оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға тамыздың 26-сы таңғы сағат 4.00-тер шамасында болған. Жедел басқару орталығына Петропавлдағы М.Жұмабаев көшесі, 98- үй ауласында атыс болып, жарақат алған ер адамның жерде жатқандығы туралы хабар түскен. Зардап шеккен қала тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта жасалған қылмысқа қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Заттай айғақтар іздестіріліп, жиналып жатыр. «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар