Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Петропавлда бес жасар бала жоғарыдан құлап кетті

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда бүлдіршін көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап, аман қалды.

Окно терезе
Фото: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні кешқұрым болған.

Сағат 19:00 шамасында бала жедел жәрдем бригадасымен медициналық ұйымға жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Медициналық тексеру нәтижесінде дәрігерлен баланың жағдайын ауыр деп бағалады. Бүлдіршін бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ, баланың жамбасы, оң жақ аяқ-қолында көптеген гематомалар мен сырылған жарақаттар бар.

Оң жақ тізе буыны мен сан аймағында ауырсыну байқалып, қозғалысы шектелген.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Шілде айының соңында Петропавлда екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткенін жазған едік.