Петропавлда биыл 53 көшеге асфальт төселеді

Жол салды
Фото: СҚО әкімдігі баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда жөнделіп жатқан көшелерді аралады. Жалпы 5 жыл ішінде облыс орталығындағы барлық жолды жөнге келтіру жоспарланған. 

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында Петропавлдағы Лазутин, Сүтішев, Болатбаев, Зеленая және Алтын дала көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын тексергенін жазды.

Биыл Петропавлда 53 көшеге асфальт төсеу жоспарланған, соның 39-ында бұрын асфальт төсемі болмаған. 

«Бұл көшелер негізінен Жұмысшы кенті, Борки және Орман шағын аудандары секілді қаланың шетінде орналасқан. Атқарылған жұмыстардың сапасын қатаң қадағалап, жаздың ашық күндерін тиімді пайдалануды тапсырдым. Жалпы, 5 жыл ішінде Петропавлдағы барлық жолды қиыршықтан асфальт төсендісіне ауыстыру жоспарланған», - деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов. 

Сондай-ақ өңір басшысы қала басшылығы мен аудан әкімдеріне қаңырап бос тұрған және қараусыз қалған ғимараттарды ретке келтіруді, меншік иелерімен қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. 

«Облыс орталығында қаланың көркін бұзатын ғимараттар болмауы керек», - деді СҚО әкімі. 

Бұған дейін СҚО-да жұмысшының қолының басы астықты жеткізетін иірмекте қалып қойғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram