Петропавлда бойжеткен қыз екі күннен бері табылмай жатыр

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың 19 жастағы тұрғыны Шынар Байғабұлға іздеу жарияланды. Бойжеткен 20 ақпан күні таңертең үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шынар Асқарқызы Байғабұлдың жоғалғандығы жөнінде волонтерлер әлеуметтік желіде жазба таратты. Айтуларынша, бойжеткен 20 ақпан күні таңертең сағат 9.00 шамасында Петропавлдағы Қизатов көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Содан бері онымен хабар үзілген.

Шынардың бойы 160-165 см шамасында, арықша келген, қара шашты, «каре» етіп қиылған. Қой көзді.

Сол күні үтінде ақшыл қоңырқай түстес бас киім, ақшылт қызғыл куртка, қара шалбар, табаны қалың қара бәтеңке болған.

Жоғалған қыз жайында қандай да бір ақпарат білген жағдайда «102» немесе 8 777 307 99 65 немесе 8 926 626 64 33 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 45 жастағы ер адамның денесі қар астынан табылғанын айтқан едік. Ол Айыртау ауданының Янко стансасынан Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Жаңасу ауылына қарай жаяу жолға шыққан. Ер адамның денесі келесі күні табылды. Діттеген жеріне жетуге 3 шақырымдай ғана қалған екен.


Соңғы жаңалықтар