10:08, 05 Қаңтар 2020 | GMT +5
Петропавлда дәмхана өртенді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Лана» дәмханасы өртеніп, өрт сөндірушілер 1,5 сағат бойы жалынмен арпалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдағы «Лана» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат 05.27-де түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде ғимарат отқа оранып үлгерген екен.
Мамандар өртті 07.04-те толық ауыздықтады. Ғимараттың 120 шаршы метріне айтарлықтай зақым келіп, шатыры, төбесі мен қабырғалары бүлінді.
Қазіргі уақытта келген шығын мөлшері мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Лана» дәмханасы Қожаберген жырау, 1 мекенжайы бойынша қалаға кіре берісте, жол бойында орналасқан.