Петропавлда ер адамның денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда полиция қаланың орталығынан денесі табылған ер адамның өлімінің жай-жапсарын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүрде ерте таңда Чайковский көшесінде орналасқан 13-А үйдің маңынан табылған. Бейресми мәліметке қарағанда, ол үйдің жоғарғы қабатынан құлап кеткен болуы керек. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатқанын жеткізді.

«Таңғы 7 шамасында «102» нөміріне ұлты еуропалық белгісіз жас жігіт хабарласып, мүрде жайлы хабарлады. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабымен тіркелді. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 8 наурыз күні Петропавлда студент қыз құрылысы бітпеген ғимараттан құлап, қаза тапқан болатын.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар