Петропавлда есірткі сатумен айналысқан қылмыскер ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының полиция қызметкерлері өз пәтерінде есірткі сатып келген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлда есірткі сатумен айналысқан қылмыскер ұсталды

Петропавл қаласының ІІБ есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері 55 жастағы тұрғынын ұстады, ол өз пәтерінде есірткі сатып келген.

 «Ұсталған күдікті 30 жыл өмірін түрмеде өткізген. Түрмеде мүлікті ұрлау қылмыстары үшін отырған. Күдікті тұратын үйдің басқа тұрғындары соңғы уақыттарда белгісіз адамдардың жиі келетіндігіне, кіреберісте шприцтер жататынына байланысты полицияға шағым түсірген. Тексеру барысында арнайы тексеру қызметкерлері пәтерден есірткі заттарын тапты. Сараптама оның героин екенін анықтады», - деді СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыскер үйде егде анасының барына қарамастан, оны есірткі тұтыну алаңына айналдырған.