Петропавлда есірткінің ауыр түрі - героин сатушы ұсталды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Петропавлда есірткінің ауыр түрі - героин сатушы ұсталды,

Петропавлда есірткінің  ауыр түрі - героин сатушы ұсталды

деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның атап өтуінше, 25 тамыз күні көліктегі полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол құқық қорғау қызметкерлеріне салмағы 0,38 грамм болатын есірткінің ең ауыры түрі - героинді өз еркімен берген. Сонымен қатар есірткіні 23 шілде күні Петропавл қаласында белгісіз азаматтан сатып алғандығын айтқан.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін іздеу іс-шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде, кеше Петропавл стансысының желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат өзіне айып тағылғаннан кейін кінәсін мойындады. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхат бергеннен кейін үйіне жіберіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.