Петропавлда есірткі таратты деген күдікпен шетелдік ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда полицейлер есірткі таратты деген күдікпен 24 жастағы жігітті ұстады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті жақын шетелдің азаматы. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 21,7 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер тәркіленді. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерлерден салмағы 3,2 грамм болатын осыған ұқсас зат бар екі түйіншек табылды. Сараптама олардың «мефедрон» және «тұз» аталып кеткен α-PvP синтетикалық есірткілері екенін көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, жас жігіт Астанадағы аспаздық жұмысын тастап, есірткі сатумен айналысу үшін Петропавлға келген. Тәртіп сақшылары оны қалаға келгеннен кейін 11 күн өткен соң қолға түсірді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған, тергеу жүріп жатыр.
Мамандардың айтуынша, есірткі таратушылардың басым бөлігін қазір 18-25 жас аралығындағы жастар. Олар қысқа уақыт ішінде байып кетуді мақсат етіп, теріс жолға түседі. Соңғы 5 жылда СҚО-да полиция қызметкерлері 18 оқушы мен студентті ұстады, оның 8-і – кәмелетке толмағандар.
Бұған дейін СҚО Аралағаш ауылының маңындағы каналда балық қырылып жатқанын жазған едік.
https://kaz.inform.kz/news/sko-aralagash-auilinin-manindagi-kanalda-balik-kirilip-zhatir-9dd7db/