Петропавлда гипермаркет өртеніп, 140 адам эвакуацияланды
ПЕТРОПАВЛ. КазАқпарат - Петропавлдағы гипермаркеттің электр жылытқышында қысқа тұйықталу болып, өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға ғимараттың екінші қабатында, бутиктердің бірінде болған. Өрт ары қарай жайылмаған.
«Өрт сөндірушілер мен қызметкерлердің бірігіп жұмыс істеуінің арқасында өрт ошағын жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. Ғимараттан 140 адам эвакуацияланды. Олардың 7-уі - балалар. Өзара іс-қимылдар тәртібі бойынша, өрт жанған аумаққа облыстық орталықтың шұғыл әрекет ету қызметтерінің күші мен құралдары жұмылдырылды», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.
