Петропавлда қалың қар жауды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бір түнде 7-8 мм жауын-шашын жауған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропалда бір түнде жолдар мен аулалар қар жамылғысына оранды. «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің дерегі бойынша, қалада түнде 7-8 мм жауын-шашын жауған. Облыс бойынша 2-13,6 мм болған.
«Желтоқсанның аяғында жауын-шашын мөлшері 9 мм болуы тиіс. Бір айдың ішінде орташа көпжылдық көрсеткіш 30 мм құрап отыр», - деп атап өтті «Қазгидромет» РМК бөлімі басшысының орынбасары Наталья Левина.
Бұдан бұрын синоптиктер солтүстікқазақстандықтарға күн жылынып, жауын-шашын жауатынын және қатты жел соғып, көктайғақ болатынын ескерткен еді.
Петропавлдағы коммуналдық техника күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Қалалық ТШК, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызмаетінің ақпараты бойынша, күн сайын көшеге 50 техника мен 190 адам шығып жатыр.