Петропавлда «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды

Қарзсыз қоғам
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

  Петропавлда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында бір мыңнан астам адам тегін қаржылық сауатын арттырмақ, деп хабарлайды Kazinform.

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қарызсыз қоғам» - екінші деңгейлі банкпен бірлескен жоба. Оның аясында несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған жандар, дәл қазіргі уақытта қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, сондай-ақ мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер оқудан өте алады. Сондай-ақ борышкерлерге тегін заң көмегін көрсету жоспарланған.

«Қарызсыз қоғам» жобасы Е.Дәуітов атындағы Петропавл қызмет көрсету саласы колледжінде өтіп жатыр. Курсқа 66 адам қатысқан, олар негізінен осы оқу орнының студенттері. Жыл соңына дейін облыс орталығының барлық 13 колледжін қамтимыз. Ай сайын үш топтан құрамыз. Оған негізінен 18 жасқа толған колледж студенттері мен қызметкерлері қатыспақ. Бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Бұл оқыту курсы ең алдымен жастар үшін пайдалы болады. Жоба борышкерлердің санын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған»,- дейді «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Оқу курсы барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырып қана қоймай, алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары да айтылады.

Алдағы уақытта жоба облыс орталығының ауруханаларында, мектептерінде және ірі кәсіпорындарында да ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар