Петропавлда қатты желден ағаштар құлап, төрт көлікті зақымдады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қатты желдің салдарынан ағаштар құлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлағандай, бүгін диспетчерлік қызметке ағаштардың құлағаны туралы 19 хабар түскен. Табиғи апаттың зардабын «Коммунхоз-Петропавловск» ЖШС жойып жатыр.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 4 көліктің үстіне ағаш құлаған.
Петропавлда қатты жел соғып тұр. Қазгидрометтің болжамы дұрыс болып шықты. Синоптиктердің дерегі бойынша, бүгін қалада желдің орташа жылдамдығы 16 м/с, екпіні 31 м/с-ке жетті. 112 қызметі қатты 1 маусым, жұма күні қатты жел соғып, жаңбыр жауатыны туралы хабарлама таратты.