Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық мотожарыстың қатысушыларын қарсы алды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотжарыстың қатысушыларын қарсы алды. 29 тамыз күні Алматыдан шыққан байкерлер жүздеген шақырымды артта қалдырды.
Петропавлда қонақтарды қала әкімі Марат Тасмағанбетов қарсы алды.
Мотокөшпенділер тобын дүние жүзін мотоциклмен айналып шыққан байкер Дмитрий Петрухин басқарды. 10 жылдың ішінде ол 150-ден астам елден өтіп, 250 мың шақырымды артта қалдырды.
«Қазақ хандығы5 ғасырдан астам уақыт бұрын қалыптасқан. Біз 12 қаладан өттік, басты міндетіміз - қазіргі Қазақстан, оның тарихы туралы айту. Осындай міндетті атқаруды маған жүктелгеніні үшін мақтанамын», - деді Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин.
Дмитрий Петрухин Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетовке Қазақ хандығы 550 жылдығы туының көшірмесін табыстады. Ал солтүстікқазақстандықтар болса, қонақтарға аймақ энциклопедиясын сыйға тартты.
Петропавлға сапар Жеңіс саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.
Мотожарыс қатысушылары жолда барлығы 45 күн болады. Петропавлдан кейін олар Қостанайға жол тартпақ. Мотожарыс 9 қазан күні Таразда аяқталады, онда байкерлер Қазақ хандығының 550 жылдығы туының көшірмесін Мемлекет басшысына табыстайды.