Петропавлда Қазақстан чемпионатының волейболдан ерлер командалары арасындағы 3-ші турдың соңғы ойындары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Петропавлда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командаларының арасындағы XVII Қазақстан чемпионатының 3-ші турдағы соңғы ойындары өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап. Дарынды балаларға арналған спорт мектебінің «Виктория» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл дүбірлі дода қаңтардың 13-інде басталған болатын. Оған ұлттық лигадағы 5 команда қатысып жатыр. Қазір алғашқы ойында «Есілді» (3:0), екінші ойында «Алматыны» (3:1), үшінші ойында «Қазхромды» (3:1) ұтқан «Атырау» ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олардың ең соңғы ойыны бүгін «Конденсатпен» өтеді. Ал бірінші кездесуде «Атырауға» есе жібергенмен (1:3), «Қазхромнан» 3:0, «Конденсаттан» 3:1 есебімен басым түскен «Алматы» енді «Есіл» командасымен сынға түседі.
Соңғы жаңалықтар