Петропавлда көл ортасында қалған 3 адам құтқарылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 3 адам суға кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ауа райының ыстық болуына байланысты қаладағы жағажайларда адамдар көп. Құтқарушылар ерекше режимде жұмыс істеп жатыр.
Құтқарушы Алмас Жакин Пестрое көлінен 17 жастағы екі жасөспірімге көмектесіп үлгерген. Жас петропавлдықтар көлде катамаранмен жүзіп жүрген. Құтқарушылар оларға бірнеше рет жағажайдан алысқа жүзбеулерін ескерткен. Демалушылар А.Жакиннің сөзіне құлақ аспай, алысқа кетіп қалған. Сосын катамараннан техникалық ақау шығып, олар жағаға жете алмай қалған.
«Осы күні Ертіс өзенінің қаладағы жағажайынан 40 жастағы ер адам құтқарылды. Зардап шегуші судағы белгіленген белгіден асып кетіп, бұлшықеті тартылып қалған. Ол көмекке шақыра бастаған. Бас құтқарушы Дмитрий Войтенко оны жағажайға жеткізген. Құтқарушы - медбике Муршида Обознова оған медициналық көмек көрсетті», - деді баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері құтқарушылар суға ағып бара жатқан 32 адамды, соның ішінде 17 баланы құтқарып қалған.