Петропавлда көлігіне бейәдеп сөз жазған жүргізуші жазаланды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында көлігінің нөміріне бейәдеп сөз жазып алып, қала ішінде жүйткіп жүрген жүргізушіге қатысты тәртіп сақшылары шара қолданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұл туралы СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. 20 жастағы жігіт нормативтен тыс бейәдеп сөзді Toyota Mark II көлігінің нөміріне жазып алып, қала ішінде жүрген. Бұны байқап қалған жол сақшылары шетелдік көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырды. Көлік нөміріндегі заң бұзушылықпен қоса, шетелдік көліктің техникалық ахуалы нашар болған. Атап айтқанда, көліктің алдыңғы жарық шамдары жанбай, бампері жоқ болған.
null

«Тіркелген мемлекеттік нөмірдің белгіленген сандық әрі әріптік белгісі болады. Стандарттан тыс нөмір тағып жүргендер жауапқа тартылады. Олардың ісі жүргізуші куәлігінен айыруға дейінгі жаза бойынша сотта қаралуы мүмкін», - дейді СҚО ІІД-нің тіркеу және емтихан жұмысы бөлімінің бастығы Сергей Гизбрехт.

Соңғы жаңалықтар