Петропавлда көлік қаққан жаяу адам мерт болды, көмекке келген жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бір жерде екі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Петропавлда көлік қаққан жаяу адам мерт болды, көмекке келген жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады
Photo: t.me/POLICE_of_KZ

13 шілде сағат 00:10 шамасында Петропавл қаласы Қожаберген жырау көшесінде 38 жастағы ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі жолға шыққан жаяу жүргіншіні басып кетті.

19 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты.

Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер қыз медициналық мекемеге жатқызылды.

37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.

ЖКО фактілері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 345-1-бабының 1-бөлігі бойыншасотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Көлік құралдары айыптұрақта.

Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр.

Тергеу жүріп жатыр.