Петропавлда көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, 9 адам жарақаттанды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында көліктің газ қондырғысы жарылып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін Петропавлдағы Гашек көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде сағат 16:00 шамасында болған.

Белгілі болғаны, орталықта тұрған автокөліктердің біріндегі газ құрылғысы жарылған. Орталық ғимараты құлап, арты өртке ұласқан. Жалын 100 шаршы метр аумаққа жайылды.

Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі түрлі деңгейде жарақат алған 9 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әзірге жарақаттанғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Зардап шеккендермен және олардың туыстарымен СҚО ТЖД психологтері жұмыс істеді.

Өрт сағат 16:53-те толық сөндірілді. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 10 техникасы мен 43 маманы жұмыс істеді. Қаза тапқандар жоқ. Келген шығын мөлшері мен өрттің себебі нақтыланады.



Соңғы жаңалықтар