Петропавлда «Конституцияға адалмыз» республикалық акциясы өтуде

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Петропавлда   «Конституцияға адалмыз!»    республикалық  акциясы  өтуде.
None
None

Оны     Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер  комитетінің   ақпараттық-насихат  тобының  мүшелері   өткізуде.

Шара    қыркүйектің 3-і мен 8-і аралығында  өтуде.     Петропавл  -ақпараттық-насихат  тобының    мүшелері ат басын   тіреген   республиканың  жетінші  қаласы. Бірінші  кездесу  бейсенбі күні   Ішкі әскердің  Петропавл  әскери институтының  курсанттарымен,    Ұлттық қауіпсіздік  қызметі Шекара  қызметінің  әскери қызметкерлерімен  болды.  Онда    Конституцияның  мемлекет пен қоғамның өміріндегі маңызы,    Қазақстан  азаматының  Отанды  қорғау сияқты  қасиетті   борышын орындау  міндеттері,  Ішкі әскердің  қоғамды қауіпсіздік  қамтамасыз етудегі  рөлі мен орны    туралы  сөз болды.

Соңғы жаңалықтар