Петропавлда көзіне пышақ кірген баланың ісі жаңа бап бойынша тергеліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар бала әлі күнге ауруханада жатыр.

Уголовное дело завели в отношении дискриминирующей казахский язык девушки
Фото: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факт бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алайда, бір аптадан кейін, 25 желтоқсанда қылмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы жан-жақты зерттеліп, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.

Естеріңізге салайық, былтыр 19 желтоқсанда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына пышақ жарақатын алған 3 жасар бала түскен еді. Пышақ нәрестенің сол жақ көз ұясына кіріп кеткен.

 

Соңғы жаңалықтар