11:17, 04 Тамыз 2012 | GMT +5
Петропавлда құбыр салушылар топырақ астында қалды
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 3 тамыз күні сағат 13:30-да Петропавлда салынып жатқан «Молпродукт» ЖШС сүт зауытының аумағында құбырларды салу бойынша жұмыстарды атқару кезінде

қазылған ордың қабырғалары биіктіктен опырылып құлады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Салдарынан жарақаттар алған «Сантехстройсервис» ЖШС-нің екі жұмыскері ауруханаға жеткізілді.