Петропавлда күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы желтоқсанда пайдалануға беріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда теміржол вокзалы 3 млрд теңгеге күрделі жөнделіп, заманауи жарақтандырылған нысан желтоқсан айында пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Петропавл теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Жобаны жүзеге асыруға «Ресей теміржолдары» АҚ 3 млрд жуық теңге инвестиция құйды. Осы уақытқа дейін тиісті жұмыстардың 75% атқарылып, ғимараттың шатыры мен қасбеті ауыстырылды.

«Ғимарат 1959 жылы салынған. Содан бері мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазір вокзалдың шығыс бөлігі дайын. Құрылыс материалдары уақтылы жеткізіліп, нысанда 70-ке жуық жұмысшы еңбектеніп жатыр. Бұрын мұнда бір де бір лифт болмаса, енді оның үшеуін қоямыз, сондай-ақ эскалатор жұмыс істейді», - дейді «РТЖ» АҚ Петропавл бөлімінің инвестиция секторының бас инженері Станислав Таратута.


Жөнделіп жатқан нысанда жолаушыларға барлық ыңғайлы жағдай жасалмақ. Қазір бұл жерде отандық 5 бірдей мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Желдеткіштер жаңартылды, таблолар ауыстырылып, күту залындағы киоскілер алынып тасталды. Мұнда енді кішігірім асханалар мен газет-журнал сататын бутиктер ғана қалмақ.

Күрделі жөнделген Петропавл теміржол вокзалы желтоқсанда пайдалануға беріледі.


Соңғы жаңалықтар