Петропавлда құтқарушылар тұрғындарға су тасқыны қаупін ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖ басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының жеке үйлер алабында кезекті су тасқынына қарсы рейд ұйымдастырды. Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Құтқарушылар дауыс зорайтқыш және құлақтандыру көлігімен Заречный кентіне, Былғары зауыты, Ет комбинаты аудандарына, саяжай учаскелеріне барып келді.
ТЖ мамандары үй-үйді аралау барысында халықты үй аумақтарын, тұрғын үйлерді су басу ықтимал екендігін, төтенше жағдайға дайын болуы қажеттілігі туралы ескертіп, су тасқыны кезеңіндегі әрекеттерді түсіндіріп, «112» құтқару қызметінің телефон нөмірлерін еске түсірді, тақырыптық жаднамалар таратты.
Тұрғындар дауыс зорайтқыш байланысы арылы су деңгейінің тым көтерілуі немесе келуі кезіндегі жүріс-тұрыс, су басқан аумақтағы әрекеттер ережелері туралы ақпарат алды.
Азаматтық қорғау органдарының өкілдері тиісті шағын аудандардың тұрғындары үшін арнайы белгіленген эвакуация орындарын айтып, су тасқыны болған жағдайда тиісті киім (резенкелі болғаны дұрыс), аяқ-кім киюге, қажетті құжаттарды, ақша, тамақ пен су қорын, дәрі қобдишасын, алғашқы қажетті заттарын алуға, су, газ, электр қуатын ажыратып, пешті сөндіріп, терезе мен есіктерді жауып қауіпсіз жерге шығуды кеңес берді.
Төтенше жағдайлар ведомствосының күштері мен құралдары тұрақты дайындық режімінде тұр, тәулік бойы облыстық су тасқынына қарсы штаб, 52-25-29 «қауырт желі» телефоны жұмыс істейді, су тасқыны қаупіне мониторингі жүргізіліп, су тасқынының салдарын уақытылы жою және алдын алу бойынша түрлі шаралар қабылданады.