Петропавлда мемлекеттік грант қаражатын дұрыс үлестірмеген маман ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына қатысты істі тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Ұсталған күдікті бизнес-идеяларды іске асыруға арналған «Еңбек 2017-2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысты.
«Тергеу барысында бағдарламаға қатысушылар бөлінген ақшалай қаражатты алмағаны және қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Cот күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «үйқамақ» бұлтартпау шарасын қолданды», - делінген Агенттік хабарламасында.