Петропавлда «Мемлекеттік тіл және қазақстандық отансүйгіштік - бәсекеге қабілетті мемлекетті құру факторы» атты жиын өтеді

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - 11 қарашада М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тіл және қазақстандық отансүйгіштік - бәсекеге қабілетті мемлекетті құру факторы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
None
None

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

«Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы аясында «Қазақстан әлеуметтік технологиялар орталығы» қоғамдық қоры мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2011 жылдың 11 қарашасы күні «Мемлекеттік тіл және қазақстандық отансүйгіштік - бәсекеге қабілетті мемлекетті құру факторы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді», - делінген хабарламада.

Іс-шара мақсаты мемлекеттік тілдің беделін тұрақтандыру мен жақсартуға ықпал жасау, қауымдастықтың назарын қоғамның мәдени деңгейін арттыру мәселесіне аудару, тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау, отансүйгіштікті, моральдық нормалар мен ережелердің, адамгершіліктің, ізгі ниеттілік пен төзімділіктің идеалдарынан тұратын үздік дәстүрлерін дамыту.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, республикамыздың жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, облыстық және аудандық ұйымдар мен мекемелердің мамандары мен жетекшілері қатысады.

Соңғы жаңалықтар