Петропавлда мейрамханада түтіннің неден шыққаны анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы мейрамханалардың бірін вентилляция құбырында жиналған майдың жануы салдарынан түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда мейрамханада түтіннің неден шыққаны анықталды

«Самовар» мейрамханасының екінші қабаты кешкі сегіздер шамасында қою түтінге оранды. Оған вентилляция құбырында жиналған майдың жануы себеп болған. Өрт сөндірушілер келгенше мейрамхана жұмысшылары 16 адамды эвакуациялап үлгерген. Оқиға орнына 27 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылды», - дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 2 сәуір күні кешкісін Петропавлдағы мейрамханадан қонақтар эвакуацияланғаны туралы хабарланған болатын.