Петропавлда мұғалім бейнекамера жоқ жерде оқушыларға діни жиын өткізген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының аумағында СҚО ПД қызметкерлері қалалық мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда мұғалім бейнекамера жоқ жерде оқушыларға діни жиын өткізген
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.

«ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», – деп жазылған хабарламада.