Петропавлда өртенген он қабатты үйден 5 бала құтқарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Петропавлда 10 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы ҚР ІІ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«15 мамыр күні сағат 17:00-де Петропавл қаласының «101» пультіне Жамбыл көшесі бойындағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. 6 минуттың ішінде оқиға орнынан бірінші өрт сөндіру тобы келіп жетті. Өрт сөндірушілер алғашқы әрекеттерімен 6 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы құтқарып, 45 адамды, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады», - деді комитеттен.
Ведмоство мәліметінше, сағат 17:25-те өрт оқшауланып, 17:36-да толықтай сөндірілген. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге облыстық ТДЖ жеке құрамының 25 маманы 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.



