Петропавлда ойын-сауық орталығы жанып жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында «Кристалл» ірі ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
СҚО ТЖД өкілдері «Кристалл» ойын-сауық орталығы өртеніп жатқанын растады.
Әлеуметтік желі қолданушылары таратқан суреттерде қос қабатты ғимаратты түтін басып, кейбір жерінен от шығып жатқаны байқалады.
Оқиғадан зардап шеккендер туралы әзірге нақты мәліметтер жоқ.