Петропавлда пайда болған ерекше жол белгісі көптің талқысына түсті

белгі
Фото: instagram.com/social_media_kz

Петропавлда әкімшілік полиция өздігінен жол белгісін қойғандарды анықтап, заңсыз белгіні алғызып тастады, деп хабарлайды Kazinform.

Петропавлда ерекше жол белгісі пайда болып, жұрттың талқысына түсті. Әлеуметтік желіге жарияланған сурет полицияның да қызығушылығын тудырды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Смирнов (@skopetro)


Нәтижесінде тәртіп сақшылары зерттеу жүргізіп, заңсыз белгінің қай жерде орнатылғанын анықтады.

«Әкімшілік полиция қызметкерлері Петропавлдағы «Ойқала» мен «Речпорт» аудандарын зерттеп шықты. Нәтижесінде стандартқа сай келмейтін жол белгісінің «Учитель» саяжай қоғамдастығында орнатылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта бұл белгіні бақша серіктестігінің басқармасы алып тастады.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын жол иелерімен және жол қозғалысы саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін ғана орнату мүмкін екендігін хабарлаймыз», - делінген Петропавл қалалық полиция басқармасының жауабында.

Соңғы жаңалықтар
telegram