Петропавлда сауда орталығын «жармақ болған» ер адам тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері терроризм жөнінде жалған хабарлама таратты деген күдікпен Петропавл қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомстводан хабарлағандай, 31 мамыр күні «City mall» сауда орталығында жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп түскен. Осыған байланысты облыстың құқық қорғау органдары арнайы шараларды жүзеге асырып, сауда орталығы мен оған қарасты аумақты толық тексеріп шыққан. «City mall» сауда орталығымен бірге, «Корона» орталығынан адамдар сыртқа шығарылып, аумақ қоршауға алынған.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында терроризм жөнінде жалған хабарлама таратты деген күдікпен Петропавл қаласының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Оған қатысты «қамаққа алу» шарасы қолданылды. Айыбы дәлелденген жағдайда ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.