13:03, 27 Қаңтар 2025 | GMT +5
Петропавлда саябақтан әйелдің денесі табылды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы саябақтан жас әйелдің денесі табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 қаңтар күні болған.
- Петропавл қаласындағы саябақ аумағында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының мүрдесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел суицид жасаған. Өзін-өзі өлтіруге ешкімді кінәламау туралы өлім алдындағы хаты табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Петропавлда жеңіл көлік көшеде қазылған шұңқырға түсіп кеткенін жазған едік.
Ал 26 қаңтар күні Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорында өрт шығып, ағаш артылған екі жүк көлігі гаражбен бірге жанып кетті.