Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM - Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам көз жұмды

саяжай
Фото: ТЖД

Оқиға бүгін болған.

«Бүгін Петропавл қаласында, Новопавловка кентінде саяжай үйінде өрт болды, салдарынан шатыры құлады. Өрт орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды. 12-17 сағатта өрт оқшауланды, сағат 12-32-де жойылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт орнында 7 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар