Петропавлда сайлау күні инватакси мен әлеуметтік таксилер жұмыс істейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 20 қараша күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Бұдан басқа мүгедектігі бар адамдар үшін инва және әлеуметтік таксилер қызмет көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 20 қарашада қоғамдық көлік әдеттегі кестеге сай жүреді. Бұл күні қалалық автобустармен қатынау тегін болады.

Сондай-ақ сайлау күні барлық учаскелерде буфеттер жұмыс істемек.

«Облыс орталығында 94 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар тізіміне 161 117 адам енгізілген.

Сайлау учаскелері саяси науқанды өткізуге 100% дайын», - деді Петропавл сайлау комиссиясының төрағасы Кеңес Мұқышев.

Учаскелерде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беруге бар жағдай жасалған. Ғимараттарда арнайы батырма жұмыс істейді, пандустар қойылған. Сондай-ақ осы күні мүмкіндігі шектеулі жандар инватакси мен әлеуметтік таксидің қызметін пайдалана алады. Осы мақсатқа 2 инватакси мен 6 әлеуметтік такси қарастырылған.

Жалпы СҚО бойынша 386 мыңға жуық адамның саулауға қатысып, дауыс беруге құқы бар. 20 қараша күні өңірде 655 сайлау учаскесі жұмыс істемек.


Соңғы жаңалықтар