Петропавлда сот ғимаратының жанында «Отбасы» монументі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратының жанында жанұяға арналған «Отбасы» монументінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Солтүстік Қазақстан облыстық облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов атап өткеніндей, «Отбасы» монументінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың жанында орналасқаны кездейсоқ емес. Өйткені дәл осы сот балалар мен отбасының мүдделерін қорғайды.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов монументтің ашылуымен барлық қатысушыларды құттықтап, оның кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың символына айналуын тіледі. 

Шара «Отбасы - қазақстандық қоғамның негізі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Оған қатысушылар «Отбасы - қоғамның рухани-адамгершілік тұрақтылығының негізі» презентациясымен танысып, «Бөтен балалар болмайды. Балаларды қорғаңдар» бейнеролигін тамашалады. 

Соңғы жаңалықтар