Петропавлда сотталған 5 адамның асқазанынан ұялы телефон табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесінің аумағына ұялы телефон өткізбек болғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыз күні ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарды тінту барысында 5 жазасын өтеушіден 6 ұялы телефон тапты. Олар тыйым салынған байланыс құралдарын жұтып, түрмеге асқазандарында өткізбек болған.

«Бұл сотталғандар біздің мекемемізге жаза мерзімін өтеу үшін басқа өңірлерден келді. Оларды қабылдау кезінде түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды табу мақсатында толық тінту және жеке заттарына тексеру жүргізілді. Тыйым салынған заттарды алып кіруге және сақтауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық-атқару заңнамасында тәртіптік жауапкершілік көзделген», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің бастығы Рустан Ахметжанов.

Түзету мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың заңсыз әрекетін толық тінту кезінде металл детектордің көмегімен анықтады. 5 сотталғанның асқазанынан көлемі 6,5*2,5 см болатын «Nokia» маркалы 5 ұялы телефон, дәл сондай көлемді «Samsung Duos» маркалы 1 ұялы телефон, «Activ» абонентінің 1 сим-картасы және «Altel» абонентінің 2 сим-картасы болған.

Мекеме қызметкерлері жедел-тергеу тобын шақырып, аталған факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.


Соңғы жаңалықтар