Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне төлем бола ма

Келесі жылдан бастап еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем көбейеді
Фото: Gov.kz

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда 6 мыңнан астам саяжай учаскесі су астында қалды. Тұрғындардың көпшілігінің көкейінде мүлік иелеріне төлем жасалады ма деген сұрақ бар. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында өткен брифингте Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев бұл сұраққа жауап берді.

«Егер саяжай жалғыз тұрғылықты жер болса, онда ол тұрғын үйге теңестіріледі. Бұл жағдайда қолдау толығымен көрсетіледі», - деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Ал қалған мүліктің зақымдануы бойынша әр мәселе заңды тұрғыда шешілмек. 

Сондай-ақ Серік Мұхамедиевтің айтуынша, су басқан үйлердің иелеріне де алаңдамауға болады. 

«Тұруға жарамсыз немесе өте нашар жағдайдағы барлық үйлерді, әрине, қалпына келтірудің қажеті жоқ. Жаңадан үйлер немесе пәтерлер салынады. Яғни, бұл жеке негізде қарастырылады», - деді Петропавл қаласының әкімі.

Серік Мұхамедиев қаланың су басқан аудандарының тұрғындарымен кездескен. Зардап шеккендер жаңа үйлерінің басқа жерде орналасқанын қалайды. 

Петропавл әкімі: «Ол жерге саябақ жасасақ, жақсы болар еді», - деп ұсыныс жасады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барғанын айтқан едік. Мемлекет басшысы Сергеевка су қоймасын, су басқан Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көрді. 

Кейін тасқын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті. 

Соңғы жаңалықтар