Петропавлда сырғанақ теуіп жүріп жарақат алған бойжеткеннің жағдайы ауыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тюбингпен сырғанап жүрген қыз жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткен қазір облыстық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта желі қолданушылары қыздың тюбингке отырып, төмен қарай құлдилап келе жатқанда ағашқа соғылғанын жазған.

Қайғылы жағдай Борка елдімекенінде болған. Ол жерде спортшыларға арналған шаңғы трассасы бар.

Биыл аталған елдімекендегі сырғанаққа көпшілік жиі баратын болды. Коронавирус пандемиясына байланысты биылғы қыста аймақта сырғанақтар мен мұз айдыны салынбады.

Сондықтан петропавлдықтар кәдімгі төбешіктерде немесе ауладағы балаларға арналған темір сырғанақта сырғанап жүр.

Аталған жағдайдан кейін Боркадағы сырғанақ жабылды.


Соңғы жаңалықтар