Петропавлда тасыған судың деңгейі азайды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Есіл өзенінде барлық гидробекеттердегі судың деңгейі төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің ақпараты бойынша, Сергеев су қоймасының толуы - 120%, Петропавл су қоймасынікі - 114% құрайды. «Су тасқынының бастапқы кезеңінде Сергеев  су қоймасына құйылған су 4,45 млрд текше метрді құрап, оның көлемін 6 есеге молайтты. Су қоймасының жобалық қуаттылығы - 693 млн текше метрді құрайды. Петропавл су қоймасындағы судың ең жоғары көрсеткіші 6 мамыр күні тіркелді. Сол сәттен бастап төмендеп келеді. Қазіргі таңда оның деңгейі 41 см құрайды. Ары қарай да тәулігіне 15-20 сантиметрге төмендейді деп күтілуде. 8 мамыр күні Долматово ауылында ең жоғары көрсеткіш тіркелді», - деді Антон Федяев.

234 үй су астында қалды. Прибрежное ауылында жолдағы тасқын сулар кетіп жатыр. Қайықпен жүру қиындық туғызуда. Таяу күндері жергілікті билік өткізілімі жоғары техниканы іске қосуды жоспарлап отыр.

Антон Федяевтің ақпараты бойынша, елді мекендерден су кеткеннен кейін, су айдау жұмыстары басталады. «Бізде қажетті сорғыш техникалар бар. Қазір біз өнімділігі жоғары 10 сорғышты алу жұмыстарын жүргізудеміз. Оларды таяу уақытта аламыз. Су айдайтын техникалар жеткілікті», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Су тасқыны кезеңінде барлығы 380 үй зардап шекті. 

Соңғы жаңалықтар