Петропавлда темекі шегушінің аңғалдығынан өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тағы да темекінің кесірінен өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Петропавлда темекі шегушінің аңғалдығынан өрт шықты

«8 наурыз күні сағат 22.51-де 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы пәтерден өрт шықты. 25 адам, соның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Өрт түнгі сағат 23:12-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер 1964 жылғы ер адамды құтқарып қалды. Ол иіс газымен уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала шығу себебі - темекі шегу кезіндегі салақтық», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің 12 қызметкері мен 3 техника өрт сөндіруге тартылды.