Петропавлда тұңғыш рет жамбас-буындарын эндопротездеу бойынша операциялар жасалды

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Петропавлда 3-ші қалалық аурухананың травматология бөлімінің базасында тұңғыш рет жамбас-буындарын эндопротездеу бойынша операциялар жүргізілді.

Петропавлда тұңғыш рет жамбас-буындарын эндопротездеу бойынша операциялар жасалды
Олар Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты хирургтарының шеберлік сабақтары аясында өтті. Солтүстікқазақстандық дәрігерлердің қатысуымен олар үш операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Травматология және ортопедия ҒЗИ бөлім меңгерушісі Алексей Белокобыловтың сөзі бойынша статистикаға сай еліміздің әр мың адамына жамбас-буындарын эндопротездеу бойынша операциялар жасауды қажет ететін бір адамнан келеді. Негізінен осындай операцияларды орта жастардағы адамдар қажетсінеді.